Семейде екі баланың әкесін өлтірген қылмыскер 15 жылға сотталды

774

Абай облысында алқабилердің қатысуымен алғашқы айыптау үкімі шықты.  

Семейде екі баланың әкесін өлтірген қылмыскер 15 жылға сотталды Фото: aikyn.kz

Талқыға екі баланың әкесі, жас кәсіпкердің өлімі себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Дауыс берушілер бірауыздан А. Н-ны бұзақылық ниетпен, атыс қаруын қолдана отыра, өлтіргені үшін кінәлі деп таныған шешім шығарды. Адам өліміне жол үстінде болған келеңсіз жағдай себеп болған, айыпталушыға жәбірленушінің автокөлікті тоқтатуды талап еткен кездегі жүргізушінің қылығы ұнамаған.

"2023 жылы 19 сәуірде Абай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Үржар ауылының тұрғыны А. 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", делінген хабарламада.

Жыл басынан бері аса ауыр қылмыстық істер бойынша сотталушылардың өтініші негізінде алқа билердің қатысумен қаралуы мүмкін, онда оларға сот шешімін қабылдау кезінде үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Үкімді қарапайым азаматтар ар-ождан мен әделеттілікті басшылыққа ала отырып қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу