Семейде екі күнде 21 адамнан обыр дерті анықталды

1063

Тағы 54 тұрғыннан аталмыш аурудың белгілері табылған.

Семейде екі күнде 21 адамнан обыр дерті анықталды

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары  екі күннің ішінде 21 адамнан обыр дертін анықтады. Тағы 54 тұрғынның диагнозы нақтылану үстінде, деп хабарлайды altaynews.kz.

Семейде 8-9 ақпан күндері өңірлік Онкологиялық диспансердің ашық есік күнінде 300-ге жуық тұрғын келіп, тексерілген екен. Нәтижесінде  онколог дәрігерлер 21 адамнан рак ауруын анықтады. Тағы 54 тұрғыннан аталмыш аурудың белгілері табылған. 242-сінен басқа ауру түрлері анықталыпты.

Мамандардың айтуынша, обыр 50-ден асқан адамдар арасында жиі кездеседі. Бұған адамдардың дәрігерге сирек қаралуы себеп болатын көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу