Семейде электронды билеттендіру жүйесі іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды altaynews.kz.
Жоспар бойынша жүйе 3 желтоқсанда қосылуға тиіс еді, алайда жол жүру картасы жеткіліксіз болып шыққан.
Шаһар басшысы Ермак Сәлімов 40 000 картаның семейліктер үшін аз екенін және қала тұрғындары мен кондуктарлардың жүйені үйренуіне біраз уақыт керектігін де айтқан. Араға бір ай уақыт салып, 4 қаңтар күні қаладағы барлық бағыттағы автобустарда стационарлық валидаторлар іске қосылды.
"Қаладағы үш автопаркте электронды билеттендіру іске қосылды. Қазір сатылымда 160 000 жол жүру картасы бар. Әзірше билет құны – 80 теңге", – дейді әкім.