Семейде 66 жастағы ер адам полицияның 2 көлігін өртеп жіберді

121

Күдікті бұрын сотталған.      

Семейде 66 жастағы ер адам полицияның 2 көлігін өртеп жіберді Фото: Видеодан скриншот

Абай облысында бұрын сотталған 66 жастағы ер адам учаскелік полиция пункті жанындағы екі көлікті өртеп жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 25 қаңтарда сағат 18:10-да болған.

"Бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі "Chevrolet Cobalt" және "Changan" маркалы екі автокөлікті өртеп жіберді", – деп хабарлады Абай облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу