Семейде Ертіс өзеніне 6 жасар бала ағып кетті

717

Семейдің Аквопарк ауданында 6 жасар бала өзенге ағып кеткен. Куәгерлер жасөспірімнің ойнап жүрген жерден кенет көрінбей кеткендігін байқаған.

Семейде Ертіс өзеніне 6 жасар бала ағып кетті Фото: inbusiness.kz

Оқиға 21 сәуір күні кешке қарай болған. Сағат 19: 56-да "112" ге жасөспірімнің жоғалып кеткендігі жайлы хабар келіп түскен. Құтқарушылар аталған жерге жедел жетіп іздестіру жұмыстарын жүргізген. Қаладағы еріктілер мен тұрғындар да жұмылдырылды.

Өкінішке орай, бүгін таңғы 9:45 те ер баланың өлі денесін оқиға орнынан 15 шақырым жерден өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.

Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау және су объектілерінің жанында балалардың көңіл көтеруі қауіпке әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, сондықтан ересектердің міндеті – әр баланы қорғау! Өте мұқият болыңыз, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз! Балаларға су объектілерінің жанында және өзен жағасында болу қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз! Қазір Шүлбі су қоймасынан су ағынының жоғарылауына байланысты Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп, ағыс күшейген. Осыған байланысты балаларды жағалауда ересектердің қарауынсыз қалдыру қауіпті, – дейді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу