Семейде халықаралық әуежай ашылды

1184

Нысан халықаралық IKAO талаптарына толықтай жауап береді.

Семейде халықаралық әуежай ашылды

30 жылдай жөндеу көрмеген Семейдегі әуежай қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Су жаңа әуежайдың қызметімен танысқан өңір басшысы Даниал Ахметов, атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.

"Осыдан екі жыл бұрын елбасы тапсырмасымен Семей әуежайын жөндеуге қомақты қаржы бөлінген болатын. Міне, еңбек өз нәтижесін беріп, жоспарланған жұмыс  мәресіне жеткендей. Енді бір-екі күннен кейін семейліктер әуежай қызығын көре бастайды", – деді Даниал Ахметов.

Семейдің әуе айлағы "Боинг" және "Эйрбас" сынды лайнерлерді қабылдауға қауқарлы. Өйткені маңызды нысан халықаралық IKAO талаптарына толықтай жауап береді.

Мұнда ішкі және сыртқы рейстерге арналған күту залдары, сол секілді жүк терминалы қарастырылыпты. Жылыту әрі су құбырлары түгелдей жаңасына ауыстырылды. Ғимараттың шатыры, едені мен терезелері қалыпқа келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу