Семейде ірі сауда үйі өртеніп жатыр

714

Қызыл жалын таңғы сағат 3-00 шамасында шыққан.

Семейде ірі сауда үйі өртеніп жатыр Фото: arnapress.kz

Семей қаласында "Ақшың" сауда үйі отқа оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаладағы киім-кешек саудаланатын ең ірі сауда орнында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазіргі уақытта сол жерде өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр.

"Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында кезекшілік етуде", - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Сондай-ақ, шаһардағы Найманбаев, Засядько, Чехов көшелерінде көлік қозғалысы шектелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу