Абай облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және ұстау мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
2023 жылы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңын орындау үшін Абай облысының әкімдігі жануарларды аулауға және ұстауға 79 млн. теңге сомасында қаржы қаражатын көздеді. Сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтарды зарарсыздандыруға 6 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта Абай облысының ветеринария басқармасы қажетті конкурстық рәсімдерді жүргізуде.
Сонымен қатар, Семей қаласында қаңғыбас жануарларды аулау және ұстау бағдарламасы аясында 2000 орындық арнайы орын салу жоспарланған, қазірдің өзінде ауданы 3 га жер учаскесі анықталған.