Оның айтуынша, қоғамдық резонанс тудыратын тағы бір мәселе – кәріз тазарту құрылғыларының жағдайы.
– Семей және Курчатов қалаларының тазарту құрылғылары қанағаттанарлықсыз жағдайда. Кәріз тазарту құрылғыларының 75%-ы тозған және жөндеу мен реконструкцияны қажет етеді. Облыстың қалған 8 ауданында кәріз тазарту құрылғылары мүлдем жоқ, – деді Серікқали Брекешев Абай облысының тұрғындарымен кездесуінде.
Жол картасына сәйкес әкімдік Семейде механикалық тазарту объектілерін салу және пайдалануға беру, ағынды суларды тазарту құрылғыларын реконструкциялаудың екінші кезегінің басталуы керек болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу