Семейде кәріздік дюкер мәселесі шешілді

930

Апатты жағдайда болған дюкерді қайта құру жұмыстарына 400 млн теңге қаржы бөлінген.

Семейде кәріздік дюкер мәселесі шешілді

Семейде кәріздік дюкерді қалпына келтіру мәселесі шешілді. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов тұрғындарға есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында қала басшысы Ертіс өзені арқылы өтетін канализациялық дюкер мәселесі шешілгенін жеткізді. Апатты жағдайда болған дюкерді қайта құру жұмыстарына 400 млн теңге қаржы бөлінген.

"Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен" ынтымақтастық шеңберінде қалада сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру басталды.

Алдағы жылы көшелерді жарықтандыру және жылумен қамту жобалары өз бастауын алмақ. Оларды іске асыру 26 километрді жылу, 12 километрді су құбыры, 5 километрден астам кәріз желілерін, сондай-ақ 7 296 көше жарығын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ақсай кентінде су бөгетін қайта құру, сумен жабдықтау желілерін және Ұшақтар шағын ауданында кәріз коллекторын салу жоспарлануда.

"Көп жылдар бойы Комсомольский және Ұшақтар кенттерінде орталық су құбыры мен сапалы электр желілері болмаған. Биылғы жылы бұл мәселе шешіліп, аталған кенттерде электр және сумен жабдықтау құрылысы басталады. Коммуналдық және құрылыс саласындағы жобаларды жүзеге асыру облыс басшысы Даниал Ахметовтың тікелей қолдауының арқасында жүзеге асырылуда",– деді Ермак Сәлімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу