Семейде Қазақстандағы алғашқы Ядролық медицина орталығы ашылды

1185

Орталықтың іске қосылуы үш кезеңге арналған жоспарға сәйкес біртіндеп жүзеге асырылады. 

Семейде Қазақстандағы алғашқы Ядролық медицина орталығы ашылды

Семейде онкологиялық ауруларды емдейтін Қазақстандағы алғашқы Ядролық медицина орталығы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап. Қазір орталықта еліміздің ядролық медицинасындағы жетекші мамандар мен ҚР Президент істері басқармасы медицина орталығы ауруханасының қызметкерлері бірлесіп жаңа технологиялардың жұмысын жолға қойып жатыр. ⠀

Орталықтың іске қосылуы үш кезеңге арналған жоспарға сәйкес біртіндеп жүзеге асырылады. Бірінші кезең аясында жұмысқа радиоизотопты диагностика бөлімі кірді. Онда орнатылған ОФЭКТ (бір фотонды-эмиссиялы компьютерлі томография) және компьютерлі томографпен біріктірілген ОФЭКТ мамандарға адам ағзасындағы қатерлі процестерді бастапқы сатыларында анықтағаны сияқты, басқа да көптеген онкологиялық емес патологияларды да анықтауға мүмкіндік береді.⠀⠀

Семей қаласының  Ядролық медицина орталығы құрылысын жүргізу кезінде радионуклидтермен жұмыс істеуге алдын-ала дайындалған және арнайы оқытудан өткен мамандардың жеке тобы құрылды. Бүгінгі күні бөлімде 16 медицина  қызметкер, олардың арасында ядролық медицина дәрігерлері, радиохимиктер, радиофармацевтер, медицина физиктері, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженерлер бар. ⠀

Шілде айында Орталықты іске қосудың екінші кезеңі аясында радионуклидті терапияны енгізу, ал одан кейін 2021 жылдың қыркүйек айында үшінші кезеңге өту яғни, ПЭТ диагностика және ең заманауи циклотронда 18F-фтордезоксиглюкоза радиофармпрепратын өндіруді іске қосу жосарланып жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу