Семейде қазандықтардың қуаты артады

895

Қазандықтарды жөндеу мен қайта құруға 2,6 млрд тенге бөлінген. 

Семейде қазандықтардың қуаты артады

Семейде қазандықтарды қайта құрып, қуатын арттырады, деп хабарлайды Altaynews-ке сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.

Қазандықтағы құрал-жабдықтарды жөндеуден өткізуге ден қоюмен қатар, жүйені жаңғырту да көзделген екен. Бұл қала тұрғындарын өткен жылы орын алған қолайсыздықтардан арылтады деп күтілуде.

"Біз өткен жылу маусымының барлық қателіктерін ескердік, осы жылы қазандықтарды жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Мысалы, Орталық қазандықтың қуаты 200 гигакалрияға дейін артады, сондай-ақ, автомобиль-жегін көлік көпірін қайта құру аясында оның бойымен жылу магистралін жүргізу мәселесін де қарастырмақпыз. "Орталық" қазандығында қуаттылық 70 гигакалорияға жеткіліксіз еді. Мұндағы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстары 15 тамызда аяқталып қояды",– дейді облыс әкімі.

Гидравликалық режимді реттеу қажет – бұл таза техникалық мәселе, оған қосымша қаржы бөлінбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу