Семейде кеше жоғалып кеткен баланың табылғаны мәлім болды

141

Кеше күндіз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған жеті жастағы баланы іздеу жұмыстары бүгін таңда аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Семейде кеше жоғалып кеткен баланың табылғаны мәлім болды Фото: Облыстық полиция департаменті

Полиция қызметкерлері баланы орман алқабынан тапты, ол үйінен шамамен 10 шақырым жерде болған. Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, бала таң ата Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары — Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиевтың көмегімен табылған.

"Іздеу жұмыстары басталған сәттен бастап барлық құрылымдардың арасында үйлестіру ұйымдастырылды. Жергілікті жерді жақсы білетін учаскелік инспекторлар басты рөл атқарды. Осы күрделі жағдайда үн қатып, көмек көрсеткен әрбір азаматқа алғысымызды білдіреміз", — деді Абай облысы полиция департаменті өкілдері.

Баланы іздеу операциясына 1000-нан астам адам жұмылдырылған. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, арнайы жасақ сарбаздары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен тұрғындар бар.

Іздеу жұмыстары барлық бағытта жүргізілді — орман алқаптарынан бастап ашық далалар мен жағалау аймақтарына дейін. Іздеуге қызметтік иттер, жылу көруші дрондар тартылды, кейбір аудандарда тізбекпен жүру тактикасы қолданылды.

Ішкі істер органдары операцияға қатысқан әрбір азаматқа алғыс білдіріп, барлық күштердің ұйымшылдығы мен ынтымақтастығы шешуші рөл атқарғанын атап өтті. Балаға медициналық көмек көрсетілді, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу