Семейде көлік өзенге құлап кетті: Аман қалған жолаушы оқиғаның қалай болғанын айтты

295

Көлік ішінде төрт адам болған.  

Семейде көлік өзенге құлап кетті: Аман қалған жолаушы оқиғаның қалай болғанын айтты Фото: ҚР ТЖМ

Семейде Ертіс өзеніне құлап кеткен көлікпен байланысты оқиға туралы тың мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Abainewskz Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Алғашында полицейлер қайғылы оқиғаның себебі ретінде көлік жарысы болған деген нұсқаны айтты. Бірақ көліктен шығып үлгеріп, аман қалған жолаушыдан жауап алынған соң апаттың себебі тежегіш пен газды шатастырып алу екені белгілі болды.

"Полиция мәліметінше, оқиғаның себебі – көлік құралын басқару ережелерін бұзу. Апат тежегіш пен газды шатастырып алу салдарынан болған", – деп хабарлады Абай облысының Полиция департаменті.

Көлік ішінде барлығы төрт адам болған. Жас жігіт пен қыз көліктен шығып үлгерген, алайда қызды өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Күні кеше жас қыздың денесі оқиға орнынан шамамен 11 шақырым жерде табылды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу