Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"1 ақпан күні сағат 16:30 шамасында "ВАЗ" көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші Қабанбай батыр көшесінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, бұрын сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілген шұңқырға аударылып кетті. Зардап шеккендер жоқ", - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Бұл дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 620-бабы (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Ол бойынша ескерту жасауға немесе 3 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.