Семейде көліктің капотына мінгендер жазаланды

669

Оқиға Қарағайлы шағынауданында болған.    

Семейде көліктің капотына мінгендер жазаланды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Toyota RAV4 көлігінің капотында жолаушы отырған видеоны анықтаған. Қатысушылардың жеке басы дереу анықталды.

Көлікті 22 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген. Ол жолаушыны көліктің салонынан тыс тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзып, қозғалыс кезінде көлік капотында отырған 24 жастағы әйел адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу