Семейде колонияға телефон өткізбек болған азамат ұсталды

509

Досына сыйлық жасамақ болған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

Семейде колонияға телефон өткізбек болған азамат ұсталды Фото: Polisia.kz

Семейде қатаң режимдегі колония қызметкерлері “Тексеру” республикалық режимді-профилактикалық іс-шара өткізу барысында DA-DA шырын пакетінің ішіне аса шеберлікпен жасырылып тығылған Samsung ұялы телефоны мен оған арналған қуаттандырғыш құралдың мекеме аумағына кіріп кету жолын кесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тыйым салынған затты Ерланов тегіндегі азамат (тегі өзгертілді) есірткі таратқаны үшін 4 жылдық жазасын өтеп жатқан сотталған досына туған күнінде қысқа мерзімді кездесуге алып келген.

– Сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізудің негізгі арнасы кездесу бөлмелері мен сәлемдемелер. Колонияға келген әрбір азамат келу ережелерімен жазбаша түрде танысады және осы ережелерді сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі, бірақ көріп отырғанымыздай бұл оларды тоқтатпайды. Жазасын өтеп жатқан қылмыскер тыйым салынған зат дер кезінде тоқтатылмаса, темір тордың ар жағында отырып-ақ тағы да қылмыс жасауы мүмкін, – деді №19 мекеме бастығының орынбасары Нұржан Шидебаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу