Жергілікті билік жұртпен санаспастан барлығын айтарлықтай қыбаттатып жіберген. Ал бұл, әсіресе, зейнеткерлерге ауыр соғып отыр, деп хабарлайды КТК.
"Зейнетақыны 9 %-ға көтеріп үлгерген де жоқ. Барлығы қымбаттап кетті. Суық су 7,2 %-ға, жылу 10,2 %-ға көтерілсе, су 11,8 %-ға өскен. Бұл деген масқара ғой! Сонда өзімізге не қалады?", – дейді Семей қаласының тұрғыны Райгүл Ахметқалиева.
Сондай-ақ, 1-ші қаңтардан бастап электр энергиясы да қымбаттаған. Жарық құны бірден 5,9 %-ға өсті. Бүгінге дейін тұрғындар киловатына 10 теңге 5 тиын төлесе, енді орта көрсеткішпен 11 теңге 10 тиынды құрап отыр. Жарықпен қатар коммуналдық қызыметтің құны да айтарылықтай қымбаттапты. Жылудың ай сайынғы төлемі 263 теңгеге өссе, ыстық судың текше метрі 138 теңгеден 142 теңгеге көтерілген. Бірақ мамандар бұл бағаның әлі де құбылатындығын алға тартуда. Өйткені олар тарифті біртіндеп көтеру үшін бес жылға жоспар жасаған екен. Сондықтан алдағы уақытта әлі де қымбатшылық бола береді.
"Біздің кәсіпорын өзінің шығынын ақтамайды. Сондықтан тарифті көтеруге міндеттіміз. Ол 46 %-ға бекітілген. Бұл көрсеткіш 5 жылдық жоспарда тұр. Бірінші жылы 25 %-ға, яғни осы жылы 6,4 және қалған жылдарға мөлшермен бөлінген", – деп атап өтті "Теплокоммунэнерго" МКК экономисі Азат Рақымғалиев.