Семей полиция басқармасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы аспалы көпірде болған, деп Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.
Апатқа қалың тұман мен жолдың көктайғақ болуы себеп болған. Жеңіл көлік көпірде тайып кетіп, көпірдің қоршауына соғылған.
Оның артынан келе жатқан көлік жүргізушісі соқтығысудың алдын алу үшін тоқтаған, бірақ көліктерін тежеп үлгермегендер оның көлігіне келіп соқтығысқан. Қазіргі көктайғақта көлікті тоқтату мүмкін емес.
Қазір полицейлер апат орнында жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу