Семейде көпірден секірмек болған ер адам суши мен пицца сұратқан

112

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Семейде көпірден секірмек болған ер адам суши мен пицца сұратқан Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семей қаласындағы жаңа көпірдің пилонына ер адамның көтерілгені туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ, полиция, жедел медициналық жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді. Ер адаммен байланыс орнату үшін пилонға ТЖМ-нің психологы мен құтқарушысы көтерілді. 

Сонымен қатар, құтқарушылар Ертіс өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару қайықтарын орналастырып, жағдайды әуеден бақылау және бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) қолданды. 

Ер адаммен келіссөздерді Оперативті-құтқару жасағының бөлімше бастығы, құтқарушы Ринат Бабаджанов жүргізді.

Оның кәсіби біліктілігі мен барлық қызмет түрінің жедел әрекетінің арқасында ер адам пилоннан түсірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу