Баспалдақпен 6-қабатқа көтерілген өрт сөндірушілер түтін басқан үйден 2006 және 2008 жылы туған екі баланы алып шықты.
Олар уланып ауруханаға жеткізілді. Тағы 31 тұрғынды, оның 14-і балаларды өрт сөндірушілер баспалдақта аман алып қалды. Балаларына көмектеспек болған пәтер иесі күйік шалып, ауруханаға түскен. Сондай-ақ өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 50 адамды эвакуациялады, оның 15-і балалар. Өртті ауыздықтауға 40 адам мен 10 техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу