banner

Семейде көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылды

498

Семей қаласында көпқабатты жаңа үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Семейде көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылды Фото: semeynews.kz

Семейдегі Қарағайлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы бұзылған.

"Өз қалаңды, өз халқыңды қалай сүймейсің?",- деп ашуланған семейліктер бұл шағын ауданда мұндай оқиға бірінші емес екенін еске салады. Осыған ұқсас жағдайлар ақпан, маусым және қазан айларында болды. Үйлердің сапасыз құрылысында тұрғындар үй салушылар мен сервистік компанияны кінәлайды. Бұған қатысты қалалық әкімдік хабарлама таратты.

"Аталған көшедегі 22-үй қасбетінің опырылуына байланысты шаһар әкімінің тапсырмасымен аккредиттелген арнайы ұйым ғимараттың техникалық жағдайын зерттеді. Соның нәтижелері бойынша сылақ қабаты материалдарының әркелкілігіне байланысты осындай жағдайдың болғаны анықталған. Сондай-ақ тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жобадан ауытқыған", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта опырылған сыртқы қаптаманы қалыпқа келтіру мәселесі шешіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу