Семейде көше ортасында автобус толықтай жанып кетті

604

Семей қаласында көше ортасында автобус толықтай жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Семейде көше ортасында автобус толықтай жанып кетті Фото: semeynews.kz

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 18 қараша күні түскі уақытта болған.

Сағат 14.56-да құтқарушыларға Әуезов даңғылында автобустың жанып жатқаны туралы хабар түскен. Сол жерге бірден өрт сөндірушілер аттанды.

"Белгілі болғандай, бұл автобус "Восток Бройлер" компаниясы тиесілі. Құтқарушылар келіп жеткенше ол толықтай жанып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, іште отырған 3 адам өз бетімен сыртқа шығып үлгерді. Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ", - делінген ақпаратта.

Өрт толығымен сағат 15.19-да ауыздықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу