Семейде патрульдік полиция мылтық асынып жүрген 17 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне "Радуга" сауда үйі ауданында жас жігіттің мылтықпен жүргені туралы хабарлама түскен.
"Патрульдік полиция телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы жігітті ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Тексеріс барысында жас жігіт туған күніне орай ата-анасы берген ақшаға ойыншық қару сатып алғанын айтқан.
Затон полиция бөлімі ювеналды полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізген. Ойыншық мылтық жасөспірімге қайтарылды.