Семейде көшелердегі суды сору жұмыстары жүріп жатыр

1057

Семейде көшелердегі суды сору жұмыстары жүріп жатыр

Семей қаласында аяқ астынан ауа райының құбылуына қобалжыған азаматтардан "101" және "112" телефондарына шамамен  200-дей қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мамандары коммуналды қызмет мамандарымен бірлесіп, аула маңындағы аумақтар мен көшелердің суларын басқа жаққа бұру жұмыстарын жүргізді.
Шаһардағы "Соловьевские ключи" су тоғанында электр жарығы 1,5 сағатқа өшірілді. Алайда су мұнарасынан суды жеткізу тоқтатылған жоқ.

Сонымен қатар, Шлеев көшесінде электр желісіне ағаштың құлауының салдарынан жарықты апатты жағдайда сөндіруге тура келді.

Құтқарушылардың берген мәліметтеріне сенсек, "112" желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Әзірге ешкімге жедел апаттық көмек қажет болған жағдай тіркелмеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкісін Семей қаласында нөсерлете жауған жауынның мөлшері онкүндіктің көлемінен асып кетіп, жолдар мен жеке үйлердің аулалары маңын су басып қалған еді. Ұйытқи соққан желдің жылдамдығы секундына 16 метрге жеткен. Лайсан судың кесірінен тұрғындар барар жерлеріне жете алмай, жолдағы көлік кептелістерінде тұрып қалған болатын. Қазір шаһардың көшелеріндегі суды сору жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу