Семейде күйеуін көсеумен сабаған әйел 3 жылға сотталды

103

Ерлі-зайыпты отасқанына 16 жыл толуына орай дастархан жасап, ішімдікпен атап өткен.

Семейде күйеуін көсеумен сабаған әйел 3 жылға сотталды Фото: Дмитрий Баксанский

Дастархан басында олар сөзге келіп қалып, әйел көсеумен күйеуінің басынан және денесінен ұрған. Жәбірленуші жарақат салдарынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оның асырауында екі кәмелетке толмаған баласы барын ескере отырып, жаза шартты түрде белгіленді. Әйел Затон аудандық пробация қызметінің бақылауына алынды.

"Сотталушыға жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді, сонымен қатар жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Ол жергілікті жеке кәсіпкердің біріне жұмысқа қабылданды",  – деп мәлімдеді аудандық пробация қызметінің басшысы Ерлан Қыдырманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу