Семейде жаңа 15 автобус жолға шықты. Бұл техникалар осы Семейдегі автоқұрастыру зауытында жасалған. Сапасы жоғары, заман талаптарына сай келеді, деп хабарлайды 24.kz.
Қоғамдық көліктер "Юность" шағын ауданы мен жаңадан бой көтеріп келе жатқан "Қарағайлы" кенті арасында қатынайтын болады. Қала басшылығы күзден бастап, заманауи көліктердің қатарын көбейтіп, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруды көздеп отыр.
"11 мен 10 жарым метр автобустар шығарылып жатыр. Болашақта 9,5 метр, 8 метрлік, 12 метрлік автобустар шығады. Семейге, Шығыс қазақстан облысына 200 автобус шығарамыз ба деп отырмыз. Атырау облысымен сөйлесіп жатырмыз, сол қалаға 200 автобус шығарамыз ба деп отырмыз", - дейді Семей көлік құрастыру зауытының жетекшісі Әсемхан Досқожанов.