Семейде құрдасын өлтірген жасөспірім сотталды

554

Кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал соңы қайғылы аяқталған. 

Семейде құрдасын өлтірген жасөспірім сотталды Фото: @abainewskz

Семейде құрдасын өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz abainewskz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, оқиға биыл 6 маусымда қаладағы Мұрат саяжайында болған. Кәмелетке толмағандардың арасында жанжал болып, жасөспірімнің бірі қатарласының мойнына пышақ сұғып алған. Жасөспірім алған жарақатынан қайтыс болды.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жасөспірім ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған адамды өлтіру) 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады, делінген сот үкімінде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу