Семей қаласындағы "Заря" коммуналдық жағажайын патрульдеу барысында ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағалаудан шамамен 20 метр қашықтықта мас күйде суда жүрген 1991 жылы туған ер адамды байқаған.
"Құтқарушылар ер адамды дереу жағаға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.
ТЖМ ескертеді: алкогольдік масаң күйде суға түспеңіз. Алкоголь зейінді төмендетіп, әрекет ету жылдамдығын баяулатады және судағы жазатайым оқиғалардың қаупін едәуір арттырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, су айдындарында жауапкершілікпен демалыңыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу