"Сені зорлағым келеді": Семейде мас ер адам жасөспірім қыздарға тиіскен

122

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада мас күйдегі ер адамның бір топ жасөспірім қыздарға тиісіп, орынсыз ұсыныстар жасағаны көрінеді. 

"Сені зорлағым келеді": Семейде мас ер адам жасөспірім қыздарға тиіскен Фото: бейнежазбадан

Семей қаласында қоғамдық тәртіпке қатысты алаңдаушылық туғызған оқиға тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға 18 сәуір күні болған. Белгісіз ер адам қыздарға жақындап, алкоголь ұсынған. Қыздар одан бас тартқан соң, ол олардың соңынан еріп, әдепсіз сөздер айтып, психологиялық қысым көрсеткен.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам кейінірек қорқыту сипатындағы сөздер айтып, жағдайды ушықтырған. Жергілікті тұрғындар құқық қорғау органдарынан күдіктіні анықтап, тиісті шара қабылдауды талап етуде.

Аталған дерек бойынша агенттік тілшісі Абай облысының Полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу