Семейде мас күйде көлік жүргізген 53 жастағы жүргізуші ұсталды

263

Жүргізуші сағат 12:40-та тоқтатылды.  

Семейде мас күйде көлік жүргізген 53 жастағы жүргізуші ұсталды Фото: quto.ru

Семейде полиция рейд кезінде алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға сағат 12:40 шамасында болған. Полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатып, 53 жастағы жүргізушіні тексерді. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Полиция мас күйде көлік жүргізу жүргізушінің өзіне ғана емес, жолдағы басқа адамдардың өміріне де қауіп төндіретінін ескертті.

Құқық бұзушыға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Полиция азаматтарды ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу