Семейде мазаны қашырған масамен күрес жүріп жатыр. Әсіресе Ертіс етегіндегі тұрғындар қансорғыш жәндіктен жәбір көріп отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Қаланың 7 аймағында дезинфекциялық дәрілеу жұмыстары жүргізілген. Екі кезеңге бөлінген іс-шара тамыз айына дейін жалғасады. Таяу арада шыбын-шіркейлермен күре те басталады. Мамандар жәндіктердің көбеюіне Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп, жағалауға жайылуы себеп болды десіп жүр. Пайда болған шағын көлшіктерде зиянкестер тез көбейеді. Осы бағыттағы жұмыстарға қазынадан 1 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу