Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар.
“Ол ұстаз 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеу, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта ұстаз уақытша ұстау изоляторына қамалған”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев.