Семейде мектеп оқушыларына арналған отандық автобус құрастырыла бастады

1029

Семейде мектеп оқушыларына арналған отандық автобус құрастырыла бастады

Семейде мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған отандық автобус құрастырыла бастады, деп хабарлайды khabar.kz.

Ұзындығы 11 метрге жуық көлікте қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, дабыл жүйесі орнатылған. Халықаралық сертификат та алыныпты. Алғашқы тапсырыс Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасынан түскен. Жақын күндері 17 автобус шалғай ауылдарға жол тартады. Кәсіпорын болашақта Қазақстанның басқа да аймақтарына осындай техника шығаруға дайын.

Кәсіпорынның бас директоры Асемхан Досқожановтың айтуынша кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақтың да нарығын игере бастапты. Жақында екі автобус Ресейдің Қиыр Шығысына аттанбақ. Ал келесі жылы көрші мемлекетке тағы 50 автобус жөнелту жөнінде келісімшартқа қол қойылады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу