Семейде мұз лабиринті бір айға жетпей қирап қалды

450

Семей қаласындағы мұз лабиринті көп ұзамай қирап қалды. Қала әкімдігі алғашында тұрғындарды мұз қалашығын саламыз деп те сендірген. 

Семейде мұз лабиринті бір айға жетпей қирап қалды Фото: Семей айнасы парақшасынан

Қала әкімдігі өткен жылдың қараша айында орталық алаңға мұз қалашығын саламыз деп уәде берген екен. Алайда желтоқсан айында уәдесінен тайып, мұз лабиринті, сырғанақ және мұз айдынын ғана салған. Алайда, арада бір ай өтпей қирап қалған. Ал мұз қалашығы салынбаған.

Семейлік бүлдіршіндер мұз лабиринті салынғанда қатты қуанған көрінеді. Тіпті бос уақыттарын осында өткізіпті. Өкінішке қарай, қуаныштары ұзаққа созылмады. Аталған жағдай желіде жылдам тарады. Көбісі "қирандыны" көріп, жұмсалған қаражаттың желге ұшқанын сынап жазып жатыр. 

Ал, Абай облысының әкімдігі мұз лабиринтін салуға бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмағанын айтты. 

- Бұл біздің жерлерсеріміздің қала тұрғындарына жасаған сыйы болатын. Оған бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалған жоқ, - дейді Абай облысының әкімдігі.

Осылайша әкімдік жерлестерінің тартуына немқұрайлық танытты ма, әйтеуір "ақша жұмсамадық" деп ақталып жатыр. Тіпті кінәлілер туралы ақпарат берген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу