Семейде Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме ашылды

579

"Бай, қуатты болайық". 9 қарашада Семейдегі Абай музейінде осындай атаумен қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының 70  жылдығына арналған көрме ашылды, деп жазады inbusiness.kz  "Хабар 24" сілтеме жасап. 

Семейде Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме ашылды Фото: 24.kz

Көрмеге белгілі журналистің эфирде киген киімдері, жұмыс үстеліндегі бұйымдары, қолжазбалары, мемлекеттік наградалары, әр жылдары түскен фотосуреттері, 200-ге тарта пайдаланған заттары қойылған. Семейліктер көшпелі көрмені қараша айының соңына дейін тамашалай алады.

- Бұл қаланың Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығына қатысы көп болды. Әр хабарында ұлы Абайға, оның қара сөздеріне жүгінетін. Кез келген хабарын Абаймен тұжырымдап отыратын. Көрменің мақсаты Нұртілеу Иманғалиұлының өмірі мен шығармашылығын жас журналистерге таныстыру үшін республиканы аралап жүрміз, - деді Нұртілеу Иманғалиұлының жары Қарлығаш Табылдинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу