Семейде оқушы сыныптасын өлімнен аман алып қалды

920

Семейде оқушы Ертіс өзеніне батып бара жатқан сыныптасын құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Аrnapress-ке сілтеме жасап.  

Семейде оқушы сыныптасын өлімнен аман алып қалды

Биыл 1 мамырда Әуезов аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Шағала ауданы маңында кәмелеттік жасқа толмаған баланың суға кеткенін хабарлаған. Алайда бала өлімнен аман қалған.

Суға батқан оқушыны оның сыныптасы, №11 орта мектептің жетінші сынып оқушысы Руслан Омаров құтқарып қалған. Ол досына алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Оқиға орнына жеткен патруль полициясы батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған оқушыны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу