Семейде оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"2023 жылдың 6 желтоқсанында Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына (қатты жел) байланысты 1-ші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті сондай-ақ күннің бұзылуына байланысты Семейде 1-9 сыныптар, Абай ауданында 1-11 сынып, Бородулиха ауданында 1-11 сынып, Бесқарағай ауданында 1-8 сыныптарда сабақ тоқтатылғанын хабарлады. Сабақ қашықтан жүргізілетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу