Семей қаласы мен Жарма ауданында оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Білім басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың 26 қарашасы күні Семей қаласында көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына, сондай-ақ Жарма ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар үшін сабақ болмайды", - делінген таратылған ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу