Семейде 8-сынып оқушысын зорлады деп айыпталған мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 2024 жылдың шілде айында болған. Семей қаласының білім бөлімі күдіктінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі екенін және мекемеде 2022 жылдан бері жұмыс істейтіні туралы ақпаратты растады.
Білім басқармасының мәліметінше, оқушы мектепке баруын жалғастырып жатыр. Оның ата-анасына балалар омбудсмені мен психологиялық қолдау орталығына хабарласуға кеңес берілді.
"Жағдай құзырлы органдардың бақылауында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, мұғалім жұмыстан шеттетілді", – деп хабарлады білім басқармасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу