Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланады

579

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланады

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының  аумағында өрттің шығуына байланысты Семей қаласы әкімінің жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (Батпаев орманшылығы 66, 67, 55, 42 кварталдарда) аумағында өрттің шығуына байланысты, Семей қаласында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып, Семей қаласы әкімінің орынбасары Р.М.Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", - делінген қала әкімінің шешімінде.

Құжатты жария талқылау 10 маусымға дейін жалғасады. 

Айта кету керек, осыған дейін Абай облысы Батпаев орманшылығының аумағында  өрт шыққанын жазған болатынбыз. Өртке байланысты жедел штаб құрылды. 

Орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілді. Облыс әкімдігі Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығындағы өрттің неден шыққанын хабарлады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу