Семейде өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғын құтқарылды

457

Полиция қызметкері өрт сөндіру бөлімшелері әлі келмегенін түсініп, азаматтарға өз бетінше көмек көрсетуді шешкен. 

Семейде өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғын құтқарылды Фото: polisia.kz

15 мамыр күні сағат 18:53-те “101” пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Сол уақытта жеке автокөлікпен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан Абай облысы ДП ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Ернұр Кұтамбаев көпқабатты үйде қатты түтін шығып жатқанын байқаған.

Оқиға орнына келгеннен кейін, көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон ашық жалынмен жанып жатқан. Кіреберісте қатты түтін пайда болып, адамдар дүрбелеңге түскен. Полицейге бейтаныс жасөспірім келіп, пәтерде мүгедек адам бар екендігін, өз бетінше қозғала алмайтындығын айтқан.

Көміртегі тотығымен улану қаупін түсініп, ол осы үйдің бір тұрғынынан көмек сұрап, жоғарғы қабатқа қарай жүгіріп, екеуі ер адамды далаға алып шыққан. Ер адамды өрттен құтқару туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне кездейсоқ белгілі болды.

Полицейдің өзі өртте болған оқиға жайлы бөліспеді. Полиция қызметкері Ернұр Құтамбаев өз іс-әрекетін батырлық деп санамайды. Ол өз сөзінде керек жерде, керек уақытта болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу