Семей қаласында өртенген үйден 38 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейдегі Сәтбаев көшесінде үй өртенген. Оған даладағы шөптің өртенуі себеп болған.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте жер үйге кіріп, 1984 жылғы мүгедек адамды сыртқа алып шыққан. Өрттің жылдам тарауына қатты желде әсер еткен. Мамандар жалпы ауданы 24 шаршы метрге шарпыған өртті сөндірген", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу