Семейде өткен "Бейбітшілік акциясына" 7 мың адам қатысты

1411

Бүгін дүниежүзінде "Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні".  

Семейде өткен "Бейбітшілік акциясына" 7 мың адам қатысты

"Хиросима-Семей" қоғамының мүшесі, құрметті қонақ, опера әншісі ​Река Мичида қазақ тілінде "Заман-ай" әнін шырқады, деп хабарлайды altaynews.kz.

​ Бұдан кейін облыстық ішкі саясат басқарамасының басшысы Ирина Смит, қала әкімі Ермак Сәлімов, "Невада-Семей" қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжаловтар "Өлімнен де күшті" монументіне гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір сәт еске алды. Қала әкімі Ермак Сәлімов облыс басшысы Даниал Ахметовтың құттықтау сөзін оқыды. Бұдан кейін Жапониядан келген құрметті қонақ "Хиросима-Семей" қоғамының хатшысы Чиеко Кабатаки қазақ еліне жылы лебізін білдірді.

​Акция барысында Абайдың мемлекеттік қорық музейі, Семейдегі облыстық тарихи өлкетану музейі және тағы басқа ұжымдар Семей полигоны тарихына арналған көрмелер ұйымдастырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу