Семейде пациенттен Brainlab жүйесінің көмегімен ми ісігі алынып тасталды

506

Ол дәрігерлерге құрысулар туралы шағымдармен жүгінді. 

Семейде пациенттен Brainlab жүйесінің көмегімен ми ісігі алынып тасталды Фото: Almaty.tv

45 жастағы Семей тұрғынына ми ісігі диагноз қойылып,  медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен оны алып тастау бойынша күрделі операция жасалды.

Өз емханасында пациент егжей-тегжейлі зерттеп- қарауға жіберілді, жолдама бойынша ол мидың компьютерлік томографиясынан (КТ) және магниттік-резонанстық томографиясынан (МРТ) өтті.

"Пациент Семей қаласының СМКА нейрохирургия бөлімшесіне емдеуге  жатқызылды. КТ және МРТ нәтижелерін алғаннан кейін сол жақ алдыңғы маңдайдың  ісігі анықталды. Әрі қарай біз операция алдындағы дайындықты жүргіздік және BrainLab нейронавигациялық жүйесімен бас сүйегіне сүйек-пластикалық трепанация жасадық, ісікті алып тастадық. Операциядан кейін пациент өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты", — деп атап өтті нейрохирург дәрігер Төлеуғали Қойшыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу