Семейде рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен мыңнан аса адамға айыппұл салынды

540

3141 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Семейде рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен мыңнан аса адамға айыппұл салынды Фото: azattyq-ruhy.kz

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қаулысына сәйкес екіайлық экологиялық тазалық акциясы аясында қазіргі таңда 90-ға жуық қоқыс полигондары жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бірақ қаланы ластап, қатты тұрмыстық қалдықтарды әр жерге төгетін адамдардың саны әлі де азаяр емес. Қазіргі таңда рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен 3141 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1337 азаматқа айыппұл салынды.

"Қазір полиция қызметкерлері қатаң шаралар қабылдап жатыр. Қаланың шеткері аумақтарында учаскелік полицейлер кезекшілік жасап, жол жиегіне қоқыс төккен азамттарға айыппұл салуда", деді полиция бөлімінің бастығы Елдос Оразалин.

Бұған дейін 2 сенбілік өтіп, көппәтерлі 540 үйге арнайы хабарламалар таратылған болатын. Қазіргі таңда қалалық әкімдік қоқыс контейнерларының санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Келесі аптадан бастап қала ішінде жаңадан қоқыс контейнерлары орналастырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу