Семейде сабақ үстінде төбе опырылып түскен

177

Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған. 

Семейде сабақ үстінде төбе опырылып түскен Фото: Instagram / semey_city

Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 30 сәуір күні 10:20-да болған. 

“Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады білім бөлімі. 

Олар сылақ опырылған жерде жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу