Олар дәл осы күні үйленуді 3 ай бұрын жоспарлаған екен.
"Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы датамен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз. Осы күнді Наурыз мейрамына орайластырып таңдаған болатынбыз. 5-10 жыл өткеннен кейін сайлау күні шаңырақ көтерген едік деп еске алып отыратын шығармыз", - дейді жас жұбайлар.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде -19 жабық сайлау учаскесі.
Жабық сайлау учаскелері - қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т.б. азаматтар үшін жұмыс істейді.
Жалпы Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.