Семейде сауда орталығынан шыққан өрт әлі өшірілген жоқ

367

Өртті сөндіруге жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. 

Семейде сауда орталығынан шыққан өрт әлі өшірілген жоқ Фото: видео скриншот

Семейде өртсөндірушілер кеше түнде өрт шыққан сауда ғимаратындағы жалынды сөндіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Облыстық полиция депараментінің хабарлауынша, полиция мен өрт сөндірушілер оқиға орнында қызмет етіп жатыр.

"6 ақпанда "Ақшын" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Дабыл бойынша полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 3.00-ден бастап жанып жатқан ғимаратқа кіруге тырысқан азаматтар мен көліктерді эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетіп жатыр. Ғимарат қоршауға алынды, іргелес көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

"Тәртіп сақшылары құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Периметр бойынша полиция нарядтары күшейтілді. Алайда оқиға орнында өрт сөндірушілерге жалынды тоқтату жұмыстарын атқаруға кедергі келтіріп жатқан адамдар аз емес", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу