Семейде секс-притон ұйымдастырған әже сотталды

571

Ол алдын ала жазылу бойынша келген клиенттерге "түнгі көбелектер" қызметін ұсынған. 

Семейде секс-притон ұйымдастырған әже сотталды Фото: freepik

Семейде 62 жастағы әйелге қаладағы сауналардың бірінде секс-притон ұйымдастырғаны үшін сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, секс-притонді сутенер-әже басқарған. Ол алдын ала жазылу бойынша келген клиенттерге "түнгі көбелектер" қызметін ұсынды. Әрбір тапсырыстан зейнет жасындағы кәсіпкер орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.

"Алайда көп ұзамай кәсіпорын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен "Трафикті тоқтату" жедел алдын алу шарасы барысында "притон" жабылды. Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркіледі. Сутенер мен 9 қызметкер жақын жердегі полиция бөлімшесіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, жеңіл жүрісті қыздың үшеуі қазақстандық болса, алтауы өзбекстандық болған. Барлығы операциялық есепке алынады.

Сутенер әжеге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігі "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілді. Зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қазір ол Абай ауданы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебінде тұр. Сынақ мерзімі бұзылған жағдайда сот шартты жазаның күшін жойып, оны нақты жазамен алмастыруы мүмкін екені атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу